Бас жаңалықтар
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
14 Мамыр 2019, 17:00 409

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгереді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«№ 3 бағдар бастапқы Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында. 


№ 18 бағдар бастапқы «ПМСП Достық» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен оңға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. 


№ 40 бағдар Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. 


№ 61 бағдар бастапқы «Теплотранзит» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық