Елордада бірнеше көше жабылады

24 Мамыр 2020, 16:13
1180
Бөлісу:
Елордада бірнеше көше жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Ертең таңғы сағат 06:00-ге дейін Мәңгілік Ел – Керей, Жәнібек хандар көшелері қиылысындағы көлік қозғалысы шектеледі. 

27 мамырға дейін Торайғыров көшесі бойындағы Сейфуллин – Жангельдин көшелерінде жөндеу жұмыстары жүреді. 

29 мамырға дейін Сәтпаев көшесіндегі жолдар жөнделіп, Момышұлы даңғылынан Мұңайтпасов көшесі аралығында көлік қозғалысы шектеледі. 

Қалалық әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарына "кептеліске түспес үшін бағытты алдын ала біліп алу қажет", дейді.

Өзгелердің жаңалығы