Бас жаңалықтар
Елордада бірқатар көше жабылады
24 Мамыр 2020, 11:41 158

Елордада бірқатар көше жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел - Керей және Жәнібек Хандар көшелерінің қиылысы жолдарын жөндемек. 

Осыған байланысты, 24 мамыр сағат 09: 00-ден 25 мамыр сағат 06: 00-ге дейін бұл қиылыста көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ 23-27 мамыр аралығында С. Торайғыров көшесінің бойы мен С.Сейфуллин көшесі учаскесінде  Ә.Жангелдин көшесіне дейін  жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал 24-29 мамыр аралығында - Қ. Сәтпаев көшесі бойы мен  Б. Момышұлы көшесі учаскесінке  Қ. Мұңайтпасов көшесіне дейін жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты аталған аудандарда көлік қозғалысы толығымен жабылады. Қ.Сәтбаев көшесі жолдарына асфальтбетон төсемесінің үстіңгі қабатын жабу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз - делінген хабарламада.






Фото: дереккөз
Загрузка...