Елордада BILIM фотокөрмесі өтеді

23 Қазан 2019, 17:25
3494
Бөлісу:
Елордада BILIM фотокөрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының қолдауымен BILIM фотокөрмесі өтеді.

"Биылғы жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға аса көңіл бөлді. Осыған орай, еліміздің көптеген мектебінде жан-жақты дамыту сабақтары жүйеге қойылып келеді. Сондықтан бәсекеге қабілетті мектептердің ішкі жағдайын, мектептің заманауи мүмкіншіліктерін, ұстаз бен оқушының сабақ барысындағы шынайы жылы қарым-қатынасын, мектептегі оқушының бақытты кезеңін толықтай қамтып фоторепортаж жасап отырмыз", - деді ұйымдастырушылар.

Көрменің ашылу салтанатына Nur Otan партиясының өкілдері, елшілер, Мәжіліс және Сенат депутаттары, елордадағы мектептердің директорлары, қоғам қайраткерлері, блогерлер, журналистер, танымал бизнес-тренерлер мен ірі кәсіпкерлер шақырылды. 

Сонымен қатар, көрме барысында мектеп басшыларына арналған тренинг, кәсіпке бейім оқушылар мен кәсіпкерлер кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр.

Фотокөрме бір айға жуық Тәуелсіздік сарайында тұратын болады.

Өзгелердің жаңалығы