Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

28 Қыркүйек 2021, 20:08
4375
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 8 мықты спортшысы Batyrs' Battle-ға қатысып, кім мықтыны анықтады. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған бәсекенің жеңімпазы Қазақстан Республикасының спорт шебері Асхат Пішембаев атанды. Жүзден жүйрік шыққан атлет пен жүлдегерлерді Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев марапаттады, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

Айта кетейік, Асхат күштік экстрим бойынша еліміздегі ең мықты 10 адамының қатарында. Жарыстың қалған қатысушылары медаль мен алғыс хатқа ие болды.

1-орын - Асхат Пшембаев

2-орын - Бекбол Нұрланұлы

3-орын – Болат Ахметов

Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

Аталған іс-шараны Қазақстан спортшылар одағы ұйымдастырып отыр. Жоба Мәдениет және спорт министрлігі, «Сәтті Жұлдыз» АҚ мен Sport Qory туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

Айта кетейік, Baryrs’ Battle шоуы 5 турдан тұрды. Онда бірінші турда қаптарды биіктікке көтерсе, содан кейін салмағы 120 кг табиғи тасты көтерді, металл шыбықты бүкті, 4-турда салмағы шамамен 140 кг бөрендені көтерсе, соңғы турда бір-бірімен белдесті.

Нұр-Сұлтанда Batyrs' Battle жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі Ерлан Орынбасарұлы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Анна Алябьева, екі дүркін Әлем және Еуропа чемпионы Светлана Николаевна қатысты.

Өзгелердің жаңалығы