Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауын талқылады

4 Қыркүйек 2021, 18:44
7295
Бөлісу:
Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.

Елордалық азаматтық бастамалар орталығында өткен іс-шараға сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ саясаттанушылар, әлеуметтанушылар қатысты.

Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Отырыс барысында Президент Жолдауы біздің қоғамның ең өткір және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және шынайы кешені екендігі айтылды. Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, еліміздің дамуы, ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі осыларды іске асыруға байланысты екендігі айтылып өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда көтерген мәселелердің ішінде еңбек нарығында экожүйенің қалыптасуын ерекше атап өткім келеді. Шын мәнінде, коммерциялық емес ұйымдар көбінесе халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Ең алдымен, біз жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздықпен күреске үлес қосамыз, оларды экономика, бизнес-жоспарлау, әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытамыз. Жолдаудың тағы бір маңызды бөлігі – саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық конвенцияларға қол қойды, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту стратегиясы әзірленді. Сондай-ақ біз бюджет тетігінің ашықтығын одан әрі жетілдірумен байланысты өңірлік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс істейміз. Бұл жақын арада жүзеге асырылатын жоспарларымыздың аз ғана бөлігі, - деді Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі Махаббат Еспенова.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстел басына үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерге жан-жақты тоқталып, оны орындау жолдарын талқылады.

Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов бүгінде үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік саясаттың негізгі тұстарын халыққа жеткізіп, түсіндіретін қозғаушы күшке айналғанын атап өтіп, Жолдауда көтерліген бірқатар мәселеге тоқталды.

Негізгі талқыланып жатқан мәселелер бұл төменгі жалақының ұлғаюы. 42 500-ден 60 мыңның үстіне шықты. Ең төменгі жалақының өсуі еңбекақыны, стипендияларды, зейнетақыларды индекстеуге ықпал етеді және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ, экологиялық, мектеп құрылысы мәселесі. Нұр-Сұлтанда оқу жылының басында 8 мектеп ашылды. Осы жылдың соңына дейін тағы 7 мектепті пайдалануға беру міндетін қойды. Осылайша, 2021 жылы қалада 15 жаңа ірі мектеп салынады. Ол мектептердің сапасының мәселесі. Ол мектептердегі оқушылардың тағы да қосымша спортпен қамтамасыз ету. Мұның барлығы жолдаудың ішінде бар, - деп атап өтті Дәурен Бабамұратов.

Азаматтық қоғам өкілдері Жолдауда айтылған басты назарда ұстарлық бағыттардың бірі кадрларды даярлау мәселесін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы уақыт талабына және қоғамның үмітіне сай келеді деген пікірге келді.

Президент өзінің Жолдауында кадрлық мәселені бірнеше рет айтқан болатын. Халықтың өмірін жақсарту үшін жұмысты кәсіби, уақытылы және үлкен жауапкершілікпен орындау керек. Біз оған қосыламыз және қолдаймыз, - деді «Ұлағат» мәдениет және даму қорының төрайымы Камажан Жұмақасова

Іс-шара барысында азаматтық қоғам өкілдері әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды, дарынды жастар мен жас ғалымдарды қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының қосалқы, маңызды және жүйелі құрамдас бөлігі болады деген пікір білдірді.

Айта кету керек, іс-шара карантиндік барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы