Елордада азаматтардың электронды карталар жүйесі қосылды

8 Шілде 2020, 11:17
1558
Бөлісу:
 Елордада азаматтардың электронды карталар жүйесі қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі пилоттық режимде тұрғындарды қабылдау үшін азаматтардың электронды карталар жүйесін іске қосты. 

Жаңа жүйе тұрғындар өтінімінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. 

База аудан әкімдіктері, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы және Iqala қалалық қызмет көрсету орталығының мәліметтерімен біріктіріледі. 

Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу және әкімдікпен кері байланысты күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қабылдау тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті онлайн қабылдау өткізді. Тұрғындарға медициналық, әлеуметтік көмек, қосымша білім алу, жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетіліп, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу ережелері және т.б. түсіндіріледі. 

2019 жылы елорда әкімі Алтай Көлгінов маусымнан бастап жеке қабылдауында 700-ден астам адамды тыңдады. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 500 адамды қабылдады. Мәселелердің басым көпшілігі шешімін тауып, қалғандары бақылауға алынды. 

Қала әкімі өтінім білдірушілердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге, мысалы, мемлекеттің қолдауымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасауға ерекше назар аударылатынын атап өтті: шілде айында елордада бірқатар басқа аурулармен қатар аутизм, БЦП диагнозы қойылған балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды. Инватакси саны екі есе артты, оңалту орталығы, иппотерапия үшін жабық манеж, жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылуда, олардың аналарына жан-жақты көмек көрсетілуде және т.б. 

Азаматтарды қабылдауды әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері де жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы