Елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

19 Маусым 2019, 22:36
1408
Бөлісу:
Елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жалпы құны 123,5 млн теңгені құрайтын 243 тонна өнім тиелген жүк көліктер Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауарөндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 

Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Олардың жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15% төмен бағада сатылатын болады. 

Жәрмеңкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел - 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.

Өзгелердің жаңалығы