Елордада аутизмге шалдыққан балаларға бейімделген концерт өтеді

8 Сәуір 2019, 12:48
1950
Бөлісу:
Елордада аутизмге шалдыққан балаларға бейімделген концерт өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде елордада аутизмге шалдыққан және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға «Жануарлар карнавалы» атты бейімделген музыкалық және поэтикалық концерт өтеді.

«Болашақ» корпаративті қоры мен «Астана Опера» шығармашылық ұжымы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін француз композиторы Шарль Камилл Сен-Саенстың ең әйгілі туындыларының бірі – «Жануарлар карнавалын» бейімдеді.

Сонымен қатар, 10 сәуір күні Алматы қаласында аутизмге шалдыққан балаларға арналған Cinemax кинотеатрында «Каникулы off-line» қазақстандық отбасылық комедияның бейімделген көрсетілімі өтпек.

Бұл іс-шараны «Болашақ» корпоративтік қоры және «Ашық әлем» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Cinemax» кинотеатры мен «Astana Film Fund» киностудиясының қолдауымен жүзеге асты.

Адаптивтік шоу / концерт - аутизмге ұшыраған балалардың жағдайын және дамудың басқа да мүмкіндіктерін қамтиды Ол үшін залдағы жарықтықты өшіріп, дыбыс көлемін азайтады және балалардың ыңғайлылығы үшін залдың есігін ашық қалдырады. Бұл категориядағы балалар қатты дыбыс, жарқын жарық және басқа да сыртқы факторларға сезімтал болғандықтан, кез келген адаптивті іс-шара алдында «Болашақ» Корпоративтік Қорының мамандары театр / кинотеатр қызметкерлерімен «арнайы балалармен» тиімді қарым-қатынас жасау бойынша арнайы тренинг өткізеді.


Өзгелердің жаңалығы