Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 Қараша 2019, 21:08
2640
Бөлісу:
Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 19 қарашада қар, бұрқасын күтілетінін хабарлады.

Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с. Қала тұрғындары мен қонақтарына мұқият болуды, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалау ұсынылады.

Боран кезінде сіз ғимаратта болсаңыз, тек ерекше жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз. Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз. Жалғыз шықпауға тырысыңыз. Егер сіз жолда болсаңыз, үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз. Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз. Машинаның ақаулығы немесе жол көрінбесе, жолдың жиегіне тоқтаңыз, дабылды үзік гуілдермен беріңіз, капотты көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.  
Желдің күшеюі кезінде сіз қатты желде көшеде болсаңыз, сенімді үй-жайға жасырынуға кеңес береміз. Үй қабырғаларының жанында қатты желден жасырынуға болмайды, өйткені шатырлар мен басқа да жабындық материалдар құлауы мүмкін. Қандай жағдай болса да, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама қалқандарына, аяқталмаған ғимараттарға, ағаштардың астына жасырынуға тырыспаңыз. Қатты жел кезінде электржелілерінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті, - делінген ақпаратта.
Дауылды желдер кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электржелілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының дұрыстығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құрал-саймандарды дайындау қажет. 
Пәтердегі электржелісі кернеуінің  өзгеруінде барлық тұрмыстық электр құралдарын дереу токтан ажыратып, электр кенеттен қосылғанда өрт болмайтындай розеткадан  тоқты суырып алыңыз. Құрылыс объектілеріне халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы