Елордада ауқымды дезинфекция жүріп жатыр

20 Маусым 2020, 14:42
1410
Бөлісу:
Елордада ауқымды дезинфекция жүріп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада адам көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Дезенфекция саябақтар, бақтар, жағалаулар, базарлар, сауда орындары, СОО/ТД және т.б. жерлерде жасалады. Қалалық қызметкерлермен бірге дезинфекциялауға әскери қызметшілер де қатысады. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналармен бүрку арқылы да жүргізіледі.

Қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пралиеваның қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да адам көп жиналатын орындадың басшылары дезинфекция жүргізуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда адам өміріне аса қажет дәріханалар мен азық- түлік дүкендері секілді объектілерден (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін) басқа , барлық кәсіпорындардың жұмысы және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ барлық қоғамдық орындар: саябақтар, бақтар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жабылады. 20-21 маусымда адамдардың қала бойынша тұрғындардың жүріп- тұруы шектелген, тек жеке автокөлікпен жұмыс орнына дейін (қызмет етуге рұқсаты бар жағдайда) баруға, жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне шығуға, медициналық қызмет алуға ғана мүмкіндік бар.




Өзгелердің жаңалығы