Елордада қашықтан білім беруге қатысты халықаралық конференция өтіп жатыр

16 Қыркүйек 2020, 15:04
1647
Бөлісу:
Елордада қашықтан білім беруге қатысты халықаралық конференция өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Еуразия ұлттық университетінде «Қашықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференция мақсаты – озық идеяларды, дистанциялық технологиялар саласындағы өзекті міндеттерді іздеу және талқылау үшін диалогтық алаң құру, тиімді инновациялық тәжірибені халықаралық деңгейде тарату.
Қазіргі кезде қазіргі әлем қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне тап болды. Індет аз уақыттың ішінде қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізі болған барлық параметрлерді қайта құру қажеттілігі көрсетті. Бұл үдеріске барлық ресурстар, атап айтқанда, тұжырымдамалық ғылыми идеялар, кадр мамандары, болашақ мектеп түлектері, білім беру технологиялары, университеттер, бүкіл педагогикалық қауымдастық тап болды. Ең қолайлы құралдар мен әдістерді, оқыту технологияларын іздеу барысында әлемдік педагогикалық практиканың барлық арсеналын қайта қарау қажет болды. Осылайша, қашықтан оқыту технологиялары оқу үдерісі үшін ең танымал және перспективалы екені анықталды, - деді Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Eрлан Сыдықов.
Оның сөзінше, соңғы бірнеше жылда отандық университеттер студенттер нарығын кеңейту мақсатында сандық стратегияны жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қашықтағы технологиялар саласындағы материалдық-техникалық базаның қуаттылығы да ұлғайтылды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де осы аспекті бойынша белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда білім беру мекемелері білім берудің халықаралық технологияларын, оқыту бағдарламаларын негізге алып, сандық оқытуға көшу арқылы өзінің білім беру саласын реформалап, кеңейтіп жатқанына сенімдіміз. Қашықтан оқыту технологиялары университеттерге қазіргі жағдайға бейімделуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, серіктестермен, қазіргі кезде әдістемелік көмек қажет болып отырған мектептермен тәжірибе алмасты, - деді университет ректоры конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде.
Сыдықов қашықтан жасалған технологияларға негізделген озық оқыту идеяларын іздеу және талқылау үшін құрылған диалогтық алаң білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететінін жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы