Елордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды

29 Қаңтар 2020, 12:30
15832
Бөлісу:
Елордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы операция кезінде 4 жыл заң органдарынан қашып жүрген қылмыскерді ұстады.

Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.

Аса қауіпті қылмыскерді ұстау үшін өскемендік полиция қызметкерлері арнайы Нұр-Сұлтан қаласына келген.

2015 жылы Өскемен қаласында 1972 жылы туған әйелдің денесі табылған болатын. Оны азаптап өлтірген еді. Полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасаған адамды анықтаған болатын. Ол 48 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ақпан айында қылмыстың барлық мән-жайы белгілі болғаннан кейін, Өскемен қаласының №2 сотының шешімі бойынша күдіктіні ұстау жөнінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Ер адам 4 жыл көлемінде жасырынып жүрген, - делінген хабарламада.
Қаңтар айында Өскемен қаласының полиция басқармасының қызметкерлері қызметтік сапар кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестерімен бірігіп, жедел-іздестіру шаралары аясында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Өзгелердің жаңалығы