Елордада қарапайым заттарды өндірушілерге арналған жаңа бағдарлама қолға алынды

15 Тамыз 2019, 07:49
2480
Бөлісу:
Елордада қарапайым заттарды өндірушілерге арналған жаңа бағдарлама қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қарапайым заттарды өңдеу мен өндірушілерге арналған «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қазір халық тұтынатын қарапайым заттар экономикасы саласына аса мән берілуде. Біздің бағдарлама «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен ұқсас келеді. Біздің бағдарламаның ерекшілігі несиенің төменгі пайыздық мөлшерлемемен берілуі. Себебі бүгінде көптеген екінші деңгейлі банктер несиені кемі 15 пайыз мөлшерлемемен береді. Және бір ерекшелігі бағдарлама негізінде несиені 7 жылға дейін алуға болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев. 

Оның айтуынша, кәсібін дөңгелеткісі келіп несие алған кәсіпкерге мемлекет тарапынан 50 пайыз кепілдік беріледі. 

«Биыл отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін пайыздық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын "Қарапайым заттар экономикасы" атты жеңілдетілген бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 600 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде аграрлық сектордағы өңдеуге 100 млрд теңге, аграрлық саладағы өндіріске 100 млрд теңге және өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге 400 млрд теңге бөлінді», - деді ол. 

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының өкілі аталған қаржы еліміздегі екінші деңгейлі 9 банкке таратылғанын айтты. 

«Бағдарламаның талаптары бойынша ЕДБ 15 пайыз көлемінде несие береді, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады», - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы