Елордада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

7 Сәуір 2020, 20:00
1355
Бөлісу:
Елордада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 8 сәуірде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша желдің екпіні 22 м/с дейін жетіп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтілуде. 
08 сәуірде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 17-22 м / с. Температура күндіз +2+4°С және түнде -2-4°С.
Дауылды ескертудің болу ықтималдығы 85-90 %. 9 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні оңтүстік-батыстан 9-14 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +3+5° және түнде -3-5°С-ты көрсетеді. 10 сәуірде де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы күндіз +6+8°С және түнде -1-3°С-қа дейін төмендейді, делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыруға, көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнама тақталарынан, электр желілері және сымдардан алыс жүруге, автокөлікті ескі ғимараттар мен ағаштардың қасына қоймауға кеңес береді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.
Өзгелердің жаңалығы