Бас жаңалықтар
Елордада Antikor ortalygy ашылды
PHOTO
12 Желтоқсан 2019, 13:42 3071

Елордада Antikor ortalygy ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бұл сервистік және әкімшілік ғимараты Open space форматында жұмыс істемек. 

image-12-12-19-01-24-15.jpeg

Жаңадан ашылған сервистік орталықтың ғимаратында арнайы консультациялы-кеңес беру бөлмелері, "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бөлмесі және баспасөз орталығы орналасақан.

image-12-12-19-01-24-13.jpeg

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, Antikor Ortalygy азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталыққа айналмақ. Бүгінгі таңда елімізде мұндай 5 сервис орталығы ашылған. 

Мемлекеттік қызмет ашық әрі қолжетімді болуы қажет. Open space форматында ашылып жатқан бұл жарқын ғимарат осы бағытта атқарылып жатқан көп жұмыстың бірі. Біз тек осы жылдың өзінде түрлі мемлекеттік ұйымдарда осы тектес 800-ге жуық Open space және 100-ден аса қызметтік әкімдік аштық. Осындай форматтағы орталықтарды еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерінде ашуға тырысамыз. Біз бұл жұмысты әлемдегі озық тәжірибеге сүйене жүргізіп келеміз. Халыққа ашық әрі сапалы жұмыс істеу үшін басқа да тиімді шешімдерді зерттеп, өз жұмысымызға енгіземіз, - деді Алик Шпекбаев.
image-12-12-19-01-24.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада Агенттікпен бірлесе отырып, "Адалдық алаңы" жобасы аясында халыққа ашықтық қағидасына сай қызмет көрсетіп жатқанын жеткізді. 

image-12-12-19-01-24-5.jpeg

Халыққа жақын болып, олардың мәселесін шешуге барынша жұмыс істеу керек екенін еліміздің Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының отырысында айтқан еді. Сонымен қатар, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың "еститін мемлекет" тұжырымдамасы бойынша барлық мемлекеттік органдар халықтың сөзіне құлақ асып, мұң-мұқтажын естіп, сапалы қызмет көрсетуі керек. Бүгін елордамызда ашылып отырған осы орталық ашықтыққа, әкімшілік тосқауылдарды жоюға, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған деп білемін. Осындай бастамалар, әсіресе, инвесторлар үшін түрлі кедергілерді жоюға септігін тигізіп, еліміздің дамуына үлес қосады, - деді елорда әкімі. 
image-12-12-19-01-24-8.jpeg

Antikor ortalygy қызметінің тағы бір ерекшелігі – жаңа форматтағы жауап алуға арналған бөлме де ұйымдастырылған. Бөлме алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының жауап алуға арналған үй-жай үлгісі бойынша жабдықталған.

image-12-12-19-01-24-6.jpeg


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...