Елордада алма бағы отырғызылды

1 Мамыр 2019, 20:58
1888
Бөлісу:
Елордада алма бағы отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақ аумағында алма ағаштарының көшеттерін отырғызуға қатысты.

Алма бағын отырғызу рәсіміне елорда әкімі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен елордалық ЖОО студенттері қатысты. Барлығы алма көшеттерін отырғызуға 400-ден астам адам атсалысты.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин бақтың аумағында отырғызылған алма ағашының сорттарымен танысты. Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, мұнда алма ағашының белгілі сорттары – белоруссиялық синап, белоруссиялық таңқурай, алеся, имант, фридом, надзейн, сакавита және алма ағашының «Nur-Sultan» атты жаңа сорты бар. Олар аязға төзімді әрі ұзақ сақтауға болады.

Барлығы 1 га алқапқа биіктігі 1,2-1,5 метр 800 алма ағаштары отырғызылды. Алма бағы алғашқы жемістерін 2-3 жылдан кейін береді деп күтілуде. Ағаштарға күтім жасау үшін тамшылатып суарудың заманауи жүйелері пайдаланылатын болады.

Айта кетейік, алма бағын отырғызу Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы