Елордада алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс жәрмеңкесі өтеді

31 Мамыр 2019, 10:30
1843
Бөлісу:
Елордада алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс таба алмағандықтан, алиментін төлеуге мүмкіндігі болмай жүрген борышкерлер үшін астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо. 

«Ағымдағы жылдың 3 маусымында сағат 10.00-де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және  Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып, алимент бойынша қарыз өтілі бар азаматтарға бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады», - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Бүгінде 30-дан астам елорда кәсіпорындары аталған шараға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азамат қатыса алады. 



Өзгелердің жаңалығы