Елордада әлеуметтік дәріхана жұмысқа кірісті

14 Қаңтар 2021, 13:38
3194
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік дәріхана жұмысқа кірісті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана- адалдық алаңы»  жобасы аясында қызмет көрсететін нысандарға барды. Соның бірі жұмысқа кіріскен -  әлеуметтік дәріхана.

Қазан айында елордада әлеуметтік дәріхана ашу туралы шешім қабылданады. 3 айға жуық уақыттан кейін елордада алғашқы әлеуметтік дәріхана ашылды. Әлеуметтік дәріхананың артықшылығы өзге дәріханаларға қарағанда дәрі-дәрмек бағасы арзанға шығады. «Астана» ӘКК нысанды ұсынып отыр, жалға алушы тек коммуналдық төлемді жүзеге асырады. 

артем2.jpg

«Құрмет-фарм» бұл нысанға өз күшімен жөндеу жұмысын жүргізген. Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен толықтырған. 

Біз әкімдік және Антикор, ӘКК көмегімен қажетті шараларды атқарып, әлеуметтік дәріхананы ашуды жөн көрдік. Ондағы тауардың бағасы  өте қымбат дәрі-дәрмекті сатып алуға жағдайы келмейтін әлеуметтік аз қамтылған халыққа арналған. Халыққа осындай қолдау  көздеп отырмыз. Баға орташа бағадан айтарлықтай төмен болады. Себебі біз тікелей қоймадан жеткізетін боламыз. Жалға төлемейміз, бастапқы кезеңде түнгі сағат 10:00-ға дейін жұмыс істейді. Дәріхананың мекенжайы Азербаева 4/1, - деді «Құрмет-фарм»  ЖШС өкілі Ақмарал Тағалова.  

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, бұл әлеуметтік жоба болғандықтан  ӘКК арқылы көмек көрсетіледі. 

артем5.jpg

Бұл да бизнес тарапынан жүзеге асырылып отыр. Алайда бағалары қолжетімді, өзге дәріханаларға қарағанда арзанырақ болады. Бұл елордадағы алғашқы дәріхана. Әрине, бір дәріхана қала үшін аздық етеді. Сондықтан әрбір ауданда осындай дәріхана ашу көзделіп отыр. Бизнеске осындай көмек көрсету арқылы халыққа көмек көрсетуді көздеп отырмыз, -  деді Көлгінов. 
артем7.jpg

Айта кетейік, Сығанақ көшесінде тағы осындай әлеуметтік дәріхананы ашу көзделген. Қазір нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жуырда ашылмақ.

артем6.jpg




Өзгелердің жаңалығы