Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

1 Наурыз 2021, 21:38
1662
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің өкілдері, сол сияқты Нұр-Сұлтан қалалық «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының жастармен жұмыс бөлім басшысы Ақұлан Тастемір, «Астана жастары» ЖРО өкілі Арайлым Сапарәлі, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты. 

Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

Бүгін, яғни 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірлесіп, Magnum супермаркеттерінің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларының арасындағы жалғызбасты аналарды, көпбалалы отбасыларды, Ауған соғысы ардагерлеріне, қаламыздың шалғай аудандарындағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып қайттық, - дейді жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек. 
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

Өз кезегінде «Астана Тазалық» ЖШС қызметкері Г. Сәдуақасова қолғабыс етіп жүрген жастарға алғысын білдірді. 

Елордалық жас сарбаздар мереке сайын құттықтап, қолдау білдіріп жүреді. Қақаған қыста қар күреуге көмектесіп, өздерімен бірге ыстық бауырсақтары мен шәйін әкеп көңіл-күйімізді көтеріп тұрады. Осындай жастар барда еліміздің дамуына үмітіміз мол. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, жас сарбаздарға алғысымызды білдіреміз, - «Астана Тазалық» ЖШС қызметкері Г. Сәдуақасова.
 



Өзгелердің жаңалығы