Бас жаңалықтар
Елордада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды
10 Сәуiр 2019, 12:15 331

Елордада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша бүгін, 10 сәуірде қалада күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2 °С, күндіз +13...+15 °С құрайды. Ертең, 11 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 

Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 °С, күндіз +14...+16 °С шамасында.

Жұма күні де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Отүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде 0 °С, күндіз +15...+17 °С көрсетеді.


Загрузка...

Сізден жаңалық