Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

23 Қаңтар 2020, 08:45
1644
Бөлісу:
Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы шектелді. Бұл туралы Astana LRT хабарлайды.

Тас жолдардың жабылуына және ауа райы нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Қосшы кентіне қатынайтын №303 бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді.



Өзгелердің жаңалығы