Елордада «Ақылды шлагбаум», «Smart Astana» жобалары жетілдірілмек

22 Қаңтар 2021, 13:21
1288
Бөлісу:
Елордада «Ақылды шлагбаум», «Smart Astana» жобалары жетілдірілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елордада цифрлық жаңғырту бойынша бірқатар стратегиялық міндеттер жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек айтты.

Оның айтуынша, цифрлық технологиялар қаланы дамытуда маңызды рөл атқарады.

Өткен жылы біз бірнеше пилоттық жобаны іске қостық, олардың бірі – «Ақылды шлагбаум» жобасы. Шлагбаумға орнатылған жүйе тәуліктің кез келген уақытында жедел жәрдем және басқа да жедел әрекет ету қызметтері үшін шлагбаумдардың автоматты түрде ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл осы бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады, - деді ол.

Сонымен қатар, «Smart Astana» мобильді қосымшасының сервистері мен қызметтерін пысықтау және өзектендіру, сондай-ақ қажеттілігіне қарай жаңа сервистерді іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Биыл елорданың инновациялық экожүйесін дамыту шеңберінде халықтың белсенділігін ынталандыру мақсатында инновациялық конкурстар өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы