Бас жаңалықтар
Елордада академик Нұрлан Бәтпеновке арналған конференция өтуде
29 Қыркүйек 2020, 20:18 95

Елордада академик Нұрлан Бәтпеновке арналған конференция өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Травматология және ортопедияның заманауи басым бағыттары» тақырыбында үш күндік ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Бұл іс-шара Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрлан Жұмағұлұлы Бәтпеновті еске алуға арналған.

Нұрлан Жұмағұлұлы Травматология және ортопедия ҰҒЗИ негізін қалаушы және оның алғашқы директоры. Ол өзінің бар ғұмырын осы саладағы ғылымға арнаған адам. Сол кісінің қажырлы еңбегінің арқасында елімізде эндопротездеудің инновациялық тәсілі және буын ауруларын емдеудің үздік әдістемесі тәжірибеге енді. Аз ғұмыр сүргенімен, халық үшін өлшеусіз еңбек қалдырды.

Ең бастысы, Нұрлан Жұмағұлұлының ізін жалғап жатқан шәкірттері бар. Бүгінде олар науқастарды емдеуге айрықша үлес қосуда, - деп атап өтті конференцияның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Қазіргі уақытта ТОҒЗИ - еліміздегі жетекші ғылыми орталықтың бірі. Медицинаның салалық бағытына инновациялық технологиялар тетігін кіріктіріп жатқан бірегей ғылыми орталық.

Ғылыми-емханалық және ағартушылық бағытты да қамтыған. Мұнда 360 орынға арналған 14 бөлімше бар. 19 жылда 200 мыңнан астам науқасқа көмек көрсеткен. 

Үш күндік ғылыми тәжірибелік конференция барысында отандық және шетелдік жетекші  мамандарды емдеудің үздік әдістемелері бойынша өзара тәжірибе алмасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...