Бас жаңалықтар
Елордада Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн-конференция өтеді
20 Мамыр 2020, 20:40 109

Елордада Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн-конференция өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) құрылғанына 10 жыл толуына және ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында "Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы" онлайн-конференция өткізеді.

Онлайн-видео форматындағы конференцияға TWESCO президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблея кеңесінің (ТЮРКПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысының орынбасары Биләл Чақыжы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт және Әзербайжан, Башқұртстан (РФ), Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.

Шара барысында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған хәкім Абайдың түрік, әзербайжан, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған шығармаларының тұсауы кесіледі. Атап айтқанда, әзербайжан және өзбек тілдерінде Абайдың "Қара сөздері", қырғыз тілінде "Абай өлеңдерінің академиялық жинағы", түрік тілінде "Абай жолы" эпопеясы (2 том), Абай туралы мақалалар және Абай "Қара сөздері" мен өлеңдерінің (4 кітап) таныстырылымы өтеді.

Өтетін күні және орны: 21 мамыр, "Егемен Қазақстан" газеті көшесі, 5/13 мекенжайы.



Фото: дереккөз
Загрузка...