Елордада қаңтарда қардың үш айлық нормасы жауды – маман

27 Қаңтар 2020, 12:50
1357
Бөлісу:
Елордада қаңтарда қардың үш айлық нормасы жауды – маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазгидрометтің" қысқа мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Алуа Саханова қаңтар айының соңында ауа райы қандай болатынын айтты.

Жақын күндері, яғни 29-30 қаңтарда елімізге солтүстік-батыс антициклон келеді, салдарынан күн суытып, қар жауу тоқтайды. Ауа температурасы қаңтардағыдай болады, Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде минус 20-30 градус болады. Осыған қоса Ресейдің еуропалық аймағына атлантикалық циклон шығады. Одан келетін жылу біздің батыс өңірлерге әсер ете бастайды, - деді Алуа Саханова ОКҚ баспасөз конференциясында. 

Оның сөзінше, мұндай температура ұзаққа созылмайды. 

Қаңтар айының басынан бері Нұр-Сұлтанда 49 миллиметр қар жауды. Ал елорда бойынша бір айлық норма 16 миллиметр еді. Яғни елордада бір айда үш айлық норма қар жауған. Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауған қар да 2-3 айлық норманы құрайды. Еліміздің солтүстік бөлігінде қар кей жерлерде 6-11 миллиметрге дейін жауды, қатты бораннан көру қашықтығы 50-500 метр. Жел де күшейіп, жылдамдығы секундына 29 метрге дейін жетуде. Ерейментау мен Степногорск метеостанцияларында оның жылдамдығы секундына 31-34 метрге дейін жетті. Нұр-Сұлтан қаласында 26 қаңтар күні мен 27 қаңтар түні 6 миллиметр қар жауды. Осыған қоса қатты желден көру қашықтығы 50-500 метр болды, ал оның екпіні секундына 24 метрге дейін жетті, - деп атап өтті спикер.
Өзгелердің жаңалығы