ҚР СІМ Африкада қаза тапқан қазақстандық туралы ақпаратты тексереді

18 Қазан 2019, 19:50
13499
Бөлісу:
ҚР СІМ Африкада қаза тапқан қазақстандық туралы ақпаратты тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан СІМ Конго Демократиялық Республикасында ресейлік Ан-72 жүк ұшағының апатқа ұшырауы кезінде біздің отандастарымыздың қаза болуы туралы ақпаратты тексереді. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Currenttime.tv дерегіне сәйкес, алдын ала мәліметтер бойынша сегіз адам қаза тапқан. Сейсенбі күні құтқарушылар апатқа ұшыраған жерден төрт адамды тауып алды — олардың кім екені анықталмаған.

Ұшақтың экипаж мүшелерінің кем дегенде біреуі — Қазақстан азаматы болған. Кәсіби форумда ұшқыштар оның атын Мерғали деп атайды. Конго Демократиялық Республикасындағы Ресей елшілігі сондай-ақ екі ресейліктің есімін атады: ұшқыш Владимир Садовничий 1958 жылы туған және Виталий Шумков 1955 жылы туған. Экипаждың төртінші мүшесі — бортинженер, Украина азаматы Сергей Горохов, Одессада туған, Африкадағы келісім-шарты аяқталуына тек үш күн қалған.

Айта кетейік, Владимир Садовничий 2011 жылы Тәжікстанда контрабанда үшін сотталды. Садовничидің эстониялық серіктесімен басқарған ұшағы Ауғанстаннан келе жатқан жолда кенеттен шұғыл қонған, бортында Ан-72 ұшағының ақаулығы болды. Билік жүкті контрабандалық деп жариялады. Конгода қаза тапқан екінші ұшқыш – Виталий Шумков 2010 жылы Бангкокта ұсталған Ил-76 экипажының мүшелері қатарына кірген. Борттан 40 тоннаға жуық қару табылды. Біраз уақыттан кейін ұшқыштарды босатқан. Сол кезде Виталий Шумков Қазақстан азаматы болды, бірақ кейін Ресей азаматтығын алды.

Еске сала кетейік, Ан-72 10 қазанда Гома әуежайынан Конго республикасының астанасы Киншасаға ұшқаннан кейін апатқа ұшырады. Әуе кемесінің сынығы Коле қаласының маңында Маниема провинциясында табылды. Jeune Afrique ақпараты бойынша, Конго президентінің кеңесшісі Видие Чиманг әуе апатынан қаза болғандардың арасында ел басшысының басты жүргізушісі болған хабарлаған.
Өзгелердің жаңалығы