Елордада 7 жасар баланы көлік қағып кетті

12 Қыркүйек 2019, 09:47
2529
Бөлісу:
Елордада 7 жасар баланы көлік қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұл бала рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болғанда машина қағып кеткен. Оқиға 11 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында болған. Бұл туралы қалалық жол полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

«11 қыркүйек күні сағат 11:50-де ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Төлебаев көшесімен келе жатып, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала дене жарақаттарын алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.




Өзгелердің жаңалығы