Елордада 7 автокөлік жол апатына ұшырады

24 Мамыр 2019, 15:30
2417
Бөлісу:
Елордада 7 автокөлік жол апатына ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елжан Чупековтің мәліметінше, жүк көлігінің тізгінінде жас жігіт отырған.

Қазіргі уақытта полицейлер оның жол апатына ұшырауына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезінгендіктен осындай жағдай орын алған болуы мүмкін.

«Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы түсініксіз. Ол адаммен сөйлеспейді. Оның ешқандай дене жарақаты жоқ. Көлік кабинасы бүтін. Кабина ішінде соғылмаған», - деді Елжан Чупеков

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

"Жүк көлігінің жүргізушісі сағат 11.30-да "Газель" маркалы көліктің жүргізушісімен, артынша бағдаршамның қызыл түсіне тұрған тағы бес көлікпен соқтығысып қалған. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қашықтық пен жылдамдық ережелерін сақтамау себеп болған", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы