Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

8 Шілде 2021, 12:52
3276
Бөлісу:
Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ технология және бизнес университеті өзінің алғашқы студенттер үйін пайдалануға берді. Бүгін елордада 680 орындық жатақхананың лентасы қиылды.

Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде студент жастардың мәселесіне ерекше тоқталып, үшінші бастамасында 2022 жылдың соңына дейін студенттік жатақханалардың жағдайын жақсарту мен оған мұқтаж жастардың қажеттіліктерін өтеуді тапсырды.

Сол кезде жатақхананы қажет ететін студенттер саны 75 мыңнан астам еді. Оқу орындары мен мемлекет бірлесіп осы мәселені шешуі тиіс болды. Осылайша мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жатақхана құрылыстары басталды. Соңғы екі жарым жылда 20 мыңнан астам студентке арналған орын пайдалануға берілді. Бүгін осындай серіктестік негізінде Қазақ технология және бизнес университетінде 680 орындық студенттерге арналған жатақхананың ашылуына куә болып отырмыз. Бір айта кетерлігі, осы университет әлеуметтік бастаманы қолға алған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Жатақхана құрылысы туралы келісімшарт 2019 жылы жасалып, бір жарым жыл ішінде университет өз міндеттерін атқарып шықты. Мемелекет те сырт қалмайды. Осы жатақханаға мемлекеттік тапсырыс негізінде студенттер орналастыратын болады. Осылайша құрлысқа салынған инвестиция өтеледі, - дейді Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибрагимов.
Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Оның айтуынша, бүгінгі күні 63 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Студенттердің басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына ағылатындықтан, осы қалаларда қажеттілік үлкен. Бүгінгі күнгі қажеттіліктің тең жартысы Алматы қаласына тиесілі. Ал Шымкент қаласы келесі жылы студенттердің барлығын жатақханамен қамтамасыз етеді деген үміт бар. Мұндағы студенттік жатақханаға қажеттілік 15 мың орын.

Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Университет ректоры Мұхтар Байжұмановтың айтуынша, жатақхана құрылысы оқу орнының құрылтайшысы, академик Құралбек Құлжановтың бастамасымен салынды. Құрылыс 2019 жылдың мамыр айында басталды.

Осы орайда бізге қолдау көрсеткен Білім және ғылым министрлігіне алғыс білдіреміз. Студент жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау университеттің құрылған күннен бергі мақсаты болатын. Бүгінгі күні университет студенттер үйі құрылысымен қатар жабық стадион құрылысын да аяқтауға жақын. Магистранттар мен аспиранттарға арналған бөлек оқу ғимаратын салу жоспарды бар, - деді ол.
Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Бес қабаттан тұратын ғимаратта студенттік асхана, душ, демалыс бөлмелері, әр қабатта өз ас үйі мен оқу залдары бар. 

Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Бір бөлмеде төрт студенттен орналасатын болады. Барлық бөлмелер жаңа техника және жиһаздармен жабдықталған. Ал студент үшін ең ыңғайлысы - жатақхананың оқу корпусының жанында орналасуы. 

Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Сондай-ақ Студенттер үйінде коуоркинг орталығы, тренажер және спорт залдары мен конференц залдары ашылуы жоспарда бар. Жатақхананың оң жақ корпусында қыздар, сол жақ корпусында ұлдар орналасатын болады. Сонымен қатар медициналық пункт те қарастырылған екен.

Елордада 680 орындық студенттер жатақханасы ашылды


Өзгелердің жаңалығы