Елордада 320 мыңнан астам адам КВИ вакцинасының I компонентін алды

22 Шілде 2021, 18:15
6146
Бөлісу:
Елордада 320 мыңнан астам адам КВИ вакцинасының I компонентін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын вакцинациямен көбірек қамту үшін Нұр-Сұлтанда демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтін егу пункттерінің саны 3 есеге артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 320 мыңнан астам адам алғанын, ал 206 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өткенін хабарлады.
Қала тұрғындарын вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есеге арттырдық. Олардың уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін, тіпті демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 8 сауда ойын-сауық орталығында – «Хан Шатыр», «MegaSilkWay», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия», сол сияқты «Мечта» тұрмыстық техникалар дүкенінде егу пункттері ашылды. Бүгінге дейін СОО-ларда 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды, - деп хабарлады Тимур Мұратов.
Елордада вакцинацияның жоғары белсенділігі байқалады. Жұрт өзінің және өзгелердің денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Соңғы апталарда вакцина алғысы келетіндер саны 6 есеге дейін өсті.
Өзгелердің жаңалығы