Бас жаңалықтар
Елордада 25 нысан карантин талаптарын бірнеше рет бұзған
05 Қараша 2020, 12:49 193

Елордада 25 нысан карантин талаптарын бірнеше рет бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысына арналған брифингте айтты. 

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілері карантин талаптарын бұзуды жалғастырып жатыр. Олардың арасында тұрақты бұзушылар да бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сондай 25 нысан тіркелді. Оның ішінде 2 және одан көп рет бұзушылық жасайтындар да бар. Оған қатысты аудандық ішкі істер басқармасынан (тамақтану орындары, клуб, караоке) 140-тан астам материал келіп түсті, - деді Пралиева. 

Оның айтуынша, тұрақты бұзушыларға қатысты  Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жазалау тағайындалады. 

Сонымен қатар, олардың жұмыс істеуін тоқтату қарастырылады. Нысандар адамдар санын көбейтіп, уақыт режимін бұзады. Оларға әкімшілік тағайындалса, оған келетін жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Карантинді тұрақты түрде бұзушыларға 15 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Барлығы 836 жеке тұлға, лауазымды адамдар және кәсіпкерлік субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері шетелдік елдердің көбі жағдайдың ушығуына байланысты локдаун жариялап жатқанын айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...