Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады

21 Сәуір 2021, 12:39
1147
Бөлісу:
Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Осы аптаның соңына қарай «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша елордада күн жылынады деп күтіліп отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады. 

Күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде — -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.



Өзгелердің жаңалығы