Елордада 19,5 млрд теңгеге салынған «Жекпе-жек» сарайының таныстырылымы өтті

4 Шілде 2019, 20:48
3755
Бөлісу:
Елордада 19,5 млрд теңгеге салынған «Жекпе-жек» сарайының таныстырылымы өтті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін журналистер елордада жаңадан салынған «Жекпе-жек» сарайымен танысып шықты. Аталған спорт кешенінің ресми ашылу салтанаты 6 шілдеге жоспарланған. 

Бірнешеден жылдан бері салынып келе жатқан спорт кешенінің құрлысына 19,5 млрд теңге жұмсалған. Құрылысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырыпты. 

IMG_9677.jpg

Бұл ғимаратта жекпе-жектің барлық түрлерінен халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және т.б спорт түрлері бар. Сондай-ақ, кешенде жарысқа дайындық барысында спортшылар жаттығады. Бұдан басқа, бұнда салауатты өмір салтын ұстанатын қарапайым тұрғындар спортпен шұғылдана алады.

IMG_9670.jpg

«Жаңадан салынған спорт кешені халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына жауап береді. Ғимараттың құрылысы кезінде жылу беру, бөлмені жарықтандырудың заманауи энергиялық тиімді жүйелер ұсынатын инновациялық инженерлік шешімдер қолданылды. Жекпе-жек сарайы ғимаратының бірегей үшбұрышты формасы Қазақстанның бостандығы мен бірлігінің символы ретінде ұшатын қыран бейнесін бейнелейді», - деді «Samruk – Kazyna Construction» АҚ сатып алу және пайдалану департаменті директоры Дархан Мұсанов.

IMG_9633.jpg

Көп функйионалды аренаның аумағы 32 мың шаршы метр, спорт зал 5 мың адамға арналған. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктан тұрады – аренадағы әмбебап жаттығу залы, жаттығу және спорттық-сауықтыру бөлмесі, сондай-ақ қонақ үй қарастырылған. Сонымен қатар, кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және кіші футбол алаңы да бар

«7 мамырда Шымкентте Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының фестивалі басталған. Еліміздің барлығы аймағы осы фестивальдың кезеңдерін өткізіп шықты. Енді 6 шілдеде елордада осы жаңадан салынған спорт кешенінде гала-фестивальды ұйымдастырамыз. Оған Стефа Фокс келеді («GAISF» вице-президенті). 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында бүкіләлемдік жауынгерлер ойыны өтеді. Онда спортшылар 15 сайыс түрінен сынға түседі. Фокс сол үшін жаңадан салынған кешенді аралап көрмек. Бірнеше сайыс түрі осы кешенде өтеді», - дейді Қазақстанның жекпе-жек өнері  қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұлов.

IMG_9613.jpg

Өзгелердің жаңалығы