Бас жаңалықтар
Елордада 16 автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді
12 Шілде 2019, 03:39 222

Елордада 16 автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Республика даңғылындағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылуына байланысты 16 автобус бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.


Автомобиль жолдарын жөндеу барысында Республика даңғылы бойынша А. Иманов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты қ № 2, 5, 5а 8, 10, 19, 20, 23, 33, 34, 40, 52, 53, 64, 71, 73 автобустарының қозғалыс бағыты өзгерді. 

"Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын өз маршруттарын алдын ала жоспарлау үшін өзгертілген схемалармен алдын ала танысуды сұраймыз", - делінген хабарламада. 





Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық