Елордада 1500-ден астам волонтер-теміржолшы қар тазалауға шықты

24 Ақпан 2020, 22:10
2282
Бөлісу:
Елордада 1500-ден астам волонтер-теміржолшы қар тазалауға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 20-21 ақпанында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметкерлері "Лесозавод" тұрғын үй алабының, "Агроқалашық" мөлтек ауданының және Қырқыншы станциясының көшелерінен 500 КамАЗ астам қар шығарды.

Барлығы 50 данадан астам арнайы техника тартылды. Шамамен 6 шақырым жол, жүздеген аула, №29 орта мектебінің ауласы қардан тазартылды.

Осылайша, теміржолшылар осы жылы жарияланған "ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі" челленджін жаңа қайырымды істермен толтыруды жалғастырып келеді.

ZHA_2441 [Почта 2016x1346].JPG

"ҚТЖ" ҰК" АҚ және оның еншілес ұйымдары – "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "KTZ Express" АҚ және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары бастаған қызметкерлері қажетті керек-жарақтармен қаруланып, мұз бен қарды ұйымдаса тазалады.

Бір ай бойы Нұр – Сұлтанда екіайлық нормада қар жауды. Көптеген адамдардың өз аулалары аумағынан қарды дер кезінде тазартуға мүмкіндіктері және күштері де жоқ. Біз бұдан сырт қала алмадық. Жұмыскестесінің бос еместігіне қарамай, әрине жақсы істер үшін әрқашанда уақыт табылады, - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Магистарльдық желі дирекциясы" филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров.
ZHA_2670 [Почта 2016x1346].JPG

Теміржолшылар қартазарту және қарданаршу техникаларының әр түрін қолдана отырып, тротуарлар мен көшелер ғана емес, сонымен бірге жалғызбасты адамдардың, зейнеткерлердің аулалары қол күшімен қардан тазартылды. Өйткені егер қар тазаланбаса, онда плюс температура кезінде бұл су басу қауіпіне алып келеді, - деп атап көрсетті "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Котырев.

Астананың шет аймақтарының тұрғындары осы аномальды қарлы қыста қалалық коммунальдық қызметтерге айтарлықтай көмек көрсеткен волонтер-теміржолшыларға шынайы алғыстарын білдіріп жатты.

ZHA_2660 [Почта 2016x1346].JPG

Бір сағаттың ішінде ҚТЖ жұмыскерлері "Агроқалашық" мөлтек ауданының егде жастағы тұрғыны, екінші топтағы мүгедегі Әсет Дүйсенбинге ауласын және оның үйіне баратын жолды тазартып берді.

IMG_0109 [Почта 2016x1346] (1).JPG

Бұл жерде қар тау болып үйілген жатқан болатын. Менің жалғыз өзімнің шамам келмес еді. Өйткені орталық көшені, жүретін бөлігін жауып қалды. Осындай қайырымды адамдардың барлығы жүрекке қуаныш ұялатады. Назар салғаны және еңбектері үшін оларға үлкен рахмет, - деп ризашылығын білдірді ол.
IMG_0043 [Почта 2016x1346].JPG
Міне осылайша ұйымдасқан түрде, ең бастысы адамдарға пайда келтіру үшін теміржолшылар Волонтерлер жылында қарапайым азаматтар тарапынан коммунальдық қызметтерге қолдау көрсетуі өте орынды екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді, - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Марат Шакенов.

"ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі" бағдарламасы шеңберінде қар тазалау жөніндегі челлендж тек елордада ғана өтпегендігін атай кетейік. Қазақстан бойынша мыңдаған теміржолшылар осындай акциялар өткізуде.

Өзгелердің жаңалығы