Бас жаңалықтар
Елордада 15 сәуірде веломаусым басталады
14 Сәуiр 2021, 23:40 244

Елордада 15 сәуірде веломаусым басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 15 сәуірде «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауа райының қолайлы болуына байланысты қызметті 15 сәуірде іске қосу туралы шешім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір ай бұрын болғалы отыр. Айта кету керек, веложабдықтың іске қосу-жөндеу жұмыстарының үлкен көлемі бір мезгілде барлық 154 велостанцияны іске қосуға мүмкіндік бермейді. Сол себепті бұл жұмыс 3 кезеңде жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Біріншісінде Есіл ауданы бойынша 400 велосипед және 62 велостанция іске қосылады.

Екінші кезеңде, яғни 23 сәуірге дейін Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандары бойынша қосымша 300 велосипед және 48 велостанция бар.

Үшінші кезең 30 сәуірге дейін жүргізіледі.

Велостанциялардың орналасқан жерін www.velobike.kz сайтынан көруге болады. Іске қосылған станциялар көк түспен белгіленеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...