Бас жаңалықтар
Елордада 12 жаңа мектеп салынып, 16-сы жөндеуден өтеді
10 Шілде 2020, 11:46 184

Елордада 12 жаңа мектеп салынып, 16-сы жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемесін жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Биыл 16 мектепті жөндейміз. Қасбетін жаңартып, шатырын жөндеп, терезелер мен едендерді ауыстыру және т. б. қажет. Бүгін бірқатар оқу орнының, соның ішінде №3 мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қабырғаларда жарықтар пайда болған. Мектептің іргетасы отыра бастаған. Соның нәтижесінде мектепті су басуда. Биылғы оқу жылының басында бұл мәселелер шешіледі, – деп жазды А.Көлгінов өз инстаграм парақшасында. 

Оның айтуынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 16 мектептің 13-інде күрделі жөндеу жүргізіледі. Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Жұмысқа орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі. 

Сонымен қатар жаңа мектептер салу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп саламыз. Келесі жылы 40 мың орынға есептелген сонша мектеп салынады. Оқу орындарын бірінші кезекте орын тапшылығы бар жерлерде салудамыз. Мектеп құрылысына жекеменшік иелерінен инвестиция тартамыз, – деп атап өтті А.Көлгінов.


Фото: дереккөз
Загрузка...