Елордада 100 мыңнан аса Жеңіс лентасы таратылады

6 Мамыр 2019, 20:45
4328
Бөлісу:
Елордада 100 мыңнан аса Жеңіс лентасы таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада екінші дүниежүзілік соғысы жылдары туралы естеліктерді сақтауға арналған «Жеңіс лентасы» атты шара өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, аспан түстес ленталарды қала тұрғындары мен қонақтары тегін алады. ҚР Мемлекеттік туының түсімен сәйкес келетін лента жеңіс меркесінің символына айналды. 2015 жылдан бастап Жеңіс лентасы ресми түрде жаңарып жаңа дизайнмен жасалды. 

7-9 мамырда астананың тұрғындары мен қонақтарына 100 мыңнан астам Жеңіс лентасы таратылады. Аспан түстес лентаны үш жерден алуға болады: «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, Ғашықтар саябағында (Хан-Шатыр СО-ның алдында), ОЖД алдындағы қалалық алаңда. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 9 мамырды мерекелеуге арналған ірі шаралардың барлығында ленталардың таратылатындығын айтты.  


Өзгелердің жаңалығы