Елордада 1 теңгеге жол жүре аласыздар

13 Желтоқсан 2019, 18:53
2951
Бөлісу:
Елордада 1 теңгеге жол жүре аласыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол үшін "Рахмет" қосымшасын жүктеп алып, кез келген банк картасын оған байлау керек. Бұл туралы "Астана LRT" хабарлады.


Автобуста жолақысын "Рахмет" арқылы бүгіннен бастап төлей аласыздар. Алғашқы 5 сапардың құны 1 теңге болады. Толықтай сома сіздің банк картаңыздан шешіліп, "Рахмет" қосымшасына бонус ретінде түседі. Қосымшада осы бонустармен түрлі қызметтерге төлем жасауға немесе автобуста жолақысын төлеуге болады. Кейін келесі жолақысын төлеген кезінде сапар құнынан 2% мөшердегі бонустар қосымшада қайтарылатын болады, - делінген хабарламада.

Аталмыш акция қалалық және экспресс бағдарларда ғана іске қосылған. Акция қала маңы бағдарларда істемейді.

Жол жүру ақысын төлеу үшін автобус кодын теру немесе автобус ішіндегі QR кодты сканерлеу жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы