Елордада №1 автобустың бағыты өзгереді

14 Қараша 2019, 00:52
2743
Бөлісу:
Елордада №1 автобустың бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жолаушылардың автобус күту уақытын қысқарту үшін №1 қоғамдық көліктің кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады "Astana LRT" ЖШС баспасөз қызметі.

Жолаушылардың автобус күту уақытын үнемдеу үшін бағдардың қозғалыс сызбасын өзгертуді жоспарлап отырмыз. 16 қарашадан бастап №1 бағдар Кенесары көшесі бойымен (Республика даңғылы және А. Бараев – Ш. Уәлиханов көшелеріне кірмей) жүреді. Бұл уақытты 20 минутқа үнемдеуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Бұл ретте №3, 4, 4А, 20, 23, 25, 32, 48, 52, 70, 71 бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады.

 

Өзгелердің жаңалығы