Бас жаңалықтар
Елордада  ASTAUfest-2019 фестиваліне 50 аспаз қатысты
09 Қазан 2019, 22:22 146

Елордада ASTAUfest-2019 фестиваліне 50 аспаз қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Нұр-Сұлтанда ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі басталды. Фестиваль аспазшы мамандығының мәртебесін көтеру үшін өткізіліп отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аспазшы күніне арналған фестиваль өз алаңында Қазақстан, Ресей мен Қырғызстаннан 50 қатысушыны жинады. Үздік маман атағы үшін кәсіби аспаздар мен колледж студенттері-аспазшылар бақ сынап жатыр. Биыл бағдарламаға ұйымдастырушылар мектеп оқушылары мен студенттерге арнап тамақ әзірлеу туралы тапсырманы енгізді.

"ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі "Тағамтануды ұйымдастыру" мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеруге, маман даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған. Фестиваль барысында шетелдік серіктестер шеберлік сағаттарын өткізіп, оқу орындарымен бірлескен инновациялық жобалардың іске асырылу барысын айтып береді", - делінген таратылған ақпартта.

Жарыс соңында "Арт-класс", "Шеф-кондитер", "Студенттік түскі ас", "Аспаз", "Қызмет сапасы" аталымдары бойынша үздік мамандар сыйлыққа ие болады.



Фото: дереккөз
Загрузка...