Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

23 Қаңтар 2020, 14:35
1276
Бөлісу:
Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды. Бүгін мектептегі барлық сыныптар бойынша сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов айтты.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (боран соғып, жел екпіні 25 м/сек) Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға бүгінгі күні барлық тас жолдар жабық екенін хабарлайды. Тек Нұр-Сұлтан - Қорғалжын бағыты ашық болған. Оның өзі қазір жабылады. Елордамызда білім басқармасының шешімі бойынша 23 қаңтарда 1-ауысым үшін 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледжердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. 112 шұғыл телефон қызметіне түнгі 00:00-ден бері 1639 қоңырау келіп түсті. Оның 85 %-ы тас жолды ашылуы және сабақты тоқтату мәселелері бойынша хабарласқан,- дейді Бауыржан Сыздықов.

Оның айтуынша, елордалық құтқарушылар қар құрсауында қалған азаматтарға өткізгіштігі жоғары Трэкол, Нива-Марш техникалары арқылы көмекке келген.

Қар құрсауынан бір тәулік ішінде (22-23 қаңтар) 19 адам құтқарылды. Жалпы, жыл басынан бері құрсауынан 62 адам құтқарылды. Оның ішінде үшеуі бала. Казгидромет мәліметі бойынша, 23 қаңтарда қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Қыс басталғалы Нұр-Сұлтан қаласында қатты қар жауды. 2019 жылдың қараша айында түскен қар мөлшері 47 мм,айлық нормада 28 мм құрайды. Желтоқсан айында 39 мм түскен, қар мөлшері 22 мм. Ал 23 қаңтардағы жағдай бойынша 16 мм айлық нормада 37 мм қар жауды. Осылайша, көрсетілген нормадан қар мөлшері 2 есе асып түскен.

Қар тазалау жұмыстарына 1127 бірлік арнайы техника мен 1700 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 22-23 қаңтар күндері 27485 текше метр қан шығарылды (2290 рейс), барлығы осы уақытқа дейін 2191788 текше метр қар шығарылды (182649 рейс). Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, сақ болуды, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады, - дейді Бауыржан Сыздықов.
Өзгелердің жаңалығы