Бас жаңалықтар
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталады?
20 Қыркүйек 2021, 18:53 285

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев не себепті көктемде басталуы керек болған «Елорда жастары» бағдарламасы кешіктіріліп жатқанын айтты.

Наурыздан басталмауына себеп бар. Жұмысшы жастарға берілетін сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтермен бірге іске қосқымыз келіп отыр. Осы ретте жастар үшін осы екі бағдарламаны қатар іске қосқымыз келеді, - деді ол.
Айта кетейік, аталған бағдарламаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас азамат қатыса алады. Оның Нұр-Сұлтанда бір жылдан кем емес тұрғылықты мекенжайы болуы керек.
Бағдарлама балдық жүйе арқылы есептеледі. Мәселен, алдымен азамат өтініш береді. Соңғы бір көлемінде «пропискасы» болуы керек. Айлығы белгілі бір сомадан асып кетпеуі керек. Осы жылдың соңына дейін осы бағдарлама бойынша жастардың өтінішін қабылдау басталады. Шамамен қазан-қараша айларында, - деп жауап берді Аян Ерментаев.
Үйдің бағасы 13 млн сомадан басталады.

Нақты қанша үй берілетіні әлі нақты емес.

Құжат қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі.

Негізгі шарттары:

  • 5%-дық мөлшерлеме;
  • Алғашқы жарна 10%;
  • Несиенің мерзімі 25 жылға дейін.

Бұл бағдарлама бойынша денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, БАҚ, әлеуметтік сала өкілдерін қолдау қарастырылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...