Елорда – жаһандық шаралардың ордасы - дәрігер

6 Шілде 2020, 13:04
1539
Бөлісу:
Елорда – жаһандық шаралардың ордасы - дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №3 Шымкент қалалық емхананың бас дәрігері Ақмарал Омар Елорда күнімен құттықтап, Қазақстанның бас қаласын құрудағы Тұңғыш президент еңбегінің үлесін айтып берді.

Еліміздің еңсесі, мемлекетіміздің мақтанышына айналған Елорда күні. Әлемдік аренада мәртебемізді биік етіп тұрған бұл қаланың қалыптасуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Мұны бүкіл қазақ елі біледі. Н.Әбішұлының еңбегін тек елордамызбен ғана байланыстыруға болмайды. Данышпан, көреген басшы бұғанасы қатпаған Қазақстан елін бүкіл әлемге әйгілі етіп, талай қилы заманды бастан кешкен ата-бабамыздың арманын орындады. Яғни, танымы терең тұлға мемлекетіміздің президенті тұсында тарихымыздың жаңа парақтарын ашты. Біз - бұл тарихи кезеңге куәміз. Еркіндіктің ескен самалы самайымызды сипап өткенде, бойымызды ерекше қуаныш билейді, - деді дәрігер. 

Ол атағандай, бүгінде Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттермен терезесі теңесіп, қадамын қатарласып басып келеді. 

Бұл, ең алдымен, Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі дер едім. Дүйім жұрт қызыққан елордада жаhандық маңызы бар саяси шаралардың өтуі – сөзімізге дәлел. Оған қоса, Н.Назарбаевтың әлемдік аренада абыройы асқақ екенін айтқым келеді. Бірлікке шақыратын саяси шешімдері үлкен державалардың қызығушылығын оятып, Елбасының мәртебесін арттырды. Әлемді әбігерге салған індет Н.Әбішұлына соқтыққан сәтте төрткүл дүниенің әр тарапынан Мемлекет басшылары ізгі ниетпен хаттар жіберді. Тілеулестік танытқан бұл хаттар еліміздің зиялы қауымынан, дәрігерлерінен, жастарынан, жалпы қазақстандықтардан көптеп түскенін өзі де айтып өтті. Шегі жоқ бұл қошеметтер Елбасының дара тұлға, көреген басшы екенін дәлелдейді. Сөз соңында қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ өмір тілеймін. Мемлекетіміз мәңгі болғай, - деді Ақмарал Омар.

Өзгелердің жаңалығы