Елорда ұлт бірлігінің символына айналды – Аягүл Миразова

23 Наурыз 2019, 16:39
1921
Бөлісу:
Елорда ұлт бірлігінің символына айналды – Аягүл Миразова

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Елорда ұлт бірлігінің символына айналды, деген ой айтқан Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова Астана қаласының Нұр-Сұлтан деп өзгертуді көпшілік, әсіресе ұстаздар қауымы оң қабылдағанын жеткізді.

Білікті ұстаздың пікірінше, бұл шешімді халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін мәңгілік етудің бір жолы ретінде қызу қолдауда.

«20-наурызда Ата Заңымыз тиісті баптарына негізделініп, Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп қайта аталуы туралы шешім қабылданғаны белгілі. Бұл шешімді халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін мәңгілік етудің бір жолы ретінде қызу қолдау білдіріп, оң қабылдауда. Еліне жел өтінен пана, ық жағынан сая болып мемлекеттің даму бағыттарын анықтап, үнемі өрлеумен даңққа бөленгенін, әрбір президенттік күні ерлікпен пара-пар екенін отандастарымыз жоғары бағалайды. Ел президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы қол жеткісіз қиындыққа қол созды, халықты мұратқа жеткізер идеялар белгілеп берді, меже етті, халқының мерейін әлемге паш етіп зор айтты, есімі елімен тұтасып, жаңаға бастаған жаңашылдық атағы жер жарды. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған тап-таурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына қарай иекмдеу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек!» - деп ұран тастады», - дейді Қазақстанның Еңбек Ері.

Аягүл Миразованың айтуынша, Елбасы қоғамның дамуының барлық салаларына жақсы серпін беріп, әлемдегі дамыған елу ел қатарына Қазақстан Республикасын қосты. Ендігі жерде ең озық отыз елдің деңгейіне жету жолдарын анықтап берді.

«Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ-ғасыр жастарын тәрбиелеуге білім беру саласын үнемі бағыттады. Назарбаев зияткерлік мектептерін, Назарбаев университетін дүниеге келтіртіп, сол үлгіде білім беру ошақтарының дамуына жол салды. Осыған сай ұстаздар мәртебесі туралы Заң қабылдауды, жаңарған мектеп үшін жаңа мұғалім дайындауды қолға алдырды», - деді Аягүл Миразова.

Оның пікірінше, бүкіл дүниежүзін жандандырып тамсандырған елорда жаңа Астана қаласы – Елбасының перзенті, қайрат-жігерінің, көрегендігінің, кемеңгерлігінің жемісі. Астана ұлт бірлігінің символына айналды.

«Еуразияда татулық пен келісім сақтау орталығы ретінде танылды. Менің айтқым келгені – Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі тағы басқа қисапсыз, ұшан-теңіз еңбегін халқымыздың жоғары бағалайтынын және осыған орай Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту толық негізді екенін ізгі тілекпен білдіру. Бұл – келер ұрпақтың патриоттық рухын көтеру үшін де керек. Бұл – әлемге қазақ елінің, қазақ жұртының саясы мәдениеттілігінің де үлгісі, өз тарихымызға құрметпен қарауға үндейтін өнеге. Елордамыздың жаңа атауы, құтты болсын деймін! Бірлік пен біртұтастығымыз нығая берсін!» - деді Аягүл Миразова.

Өзгелердің жаңалығы