Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

17 Қаңтар 2020, 10:15
1574
Бөлісу:
Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов мәлімдеді.

Қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. 

Олар - "FlyArystan" компаниясының 2 рейсі (Павлодар, Мәскеу) және "Эйр Астана" компаниясының 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал). 

Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда "Эйр Астана" компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен "Аэрофлоттың" Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген. Күшті желге байланысты (жылдамдығы секундына – 15 метрден асады) қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді, - деп мәлім етті Жеңіс Ахметжанов. 

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы