Елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды

15 Қыркүйек 2021, 19:20
4164
Бөлісу:
Елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Р есімді азамат 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың мамырына дейін материалдық мүмкіндігі болса да, алиментті қасақана төлемеген. Азаматтың қасақана жасаған әрекеттерінің салдарынан алимент бойынша қарыз 3 498 061 теңгеге жеткен.

Сотталушы Р. сот отырысында айып тағылған кінәні толық мойындады және 2018 жылы ол ішінара белгілі бір соманы төлегенін көрсетті. Ол шамамен 50 000 – 60 000 теңгеге тең, осылайша, 200 000-300 000 теңгені өтеген, оны растайтын чектер бар. Алайда бұрынғы жұбайы оның балалармен қарым-қатынасын шектеген, дегенмен бұл мәселе бойынша сот бекіткен медиация келісімі бар. Онда балаларды асырауға алимент төлеу шарттары көрсетілген. Бұрынғы жұбайының шарты ол келіскен алимент бойынша қарызды толық өтеу болды. Қарыз сомасын өтеу мақсатында ол автокөлікті несиеге сатып алып, 2-3 жылға ол үшін несие бойынша есеп айырысуды, содан кейін оны сатып, алимент бойынша қарызын төлеуді жоспарлаған, - деді Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының Нұр-сұлтан қаласы бойынша орынбасары Мадина Жанасаева.

Жанасаева атағандай, оның автокөлікпен ЖКО-ға түсіп, көлігі жарамсыз болып қалғандықтан, алимент бойынша қарызы көбейген.

Ол жұмыспен қамту орталығына жүгінбеген, себебі өзі жұмысқа тұрғысы келген. Қазіргі уақытта ол спорт залын ашып, балаларды жаттықтыруға және осылай ақша табуға ниеттініп отыр. Қазіргі уақытта жасаған ісін түсініп, алимент төлеуге, сондай-ақ олар бойынша берешекті өтеуге ниетті, - деді Мадина Жанасаева.

Жәбірленуші 2017 жылы сот сотталушыдан балаларды асырау үшін оның пайдасына алимент өндіріп алу туралы шешім шығарғанын айтты.

2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін оның банктегі шотына жалпы сомасы 200 000 теңге ақшалай қаражат түсті, бірақ төлемді оның өзі емес, оның анасы жүргізді. Бұдан басқа 2020 жылы 20 000 теңге түсті.

Осыдан басқа балалардың өміріне ешқандай қатысы болмаған. Сотта жасалған медиативтік келісімге қатысты іс материалдарында психологтың қорытындысы бар. Балалар онымен сөйлескісі келмейді. 2019 жылы алимент төлемеуіне байланысты оны ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі шығарылды. Алайда азамат сотқа келмеді. 2019 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сырттай шешіміне сәйкес, азамат ата-ана құқығынан айырылды, - деп қосты Жанасаева.

Еске сала кетейік, 2018 жылы сотталушы автокөлік сатып алуға несие ресімдеп, оны 2 жыл төлеген, бұл оның қаражаты бар екенін көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы