Елорда тұрғындарының 70%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алған

12 Қазан 2021, 14:21
22181
Бөлісу:
Елорда тұрғындарының 70%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қала бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға тиісті халықтың көп бөлігі екпе салдырған.
Елорда бойынша вакцина алуға жататын халық саны 647 мың адамды құрайды. Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 436 мыңнан астам азамат алды. Толық иммундаудан 401 мыңнан астам азамат өтті, - деді қала басшысының орынбасары.

Айта кететін жайт, бүгінде халықты жаппай вакциналаумен қамту үшін 36 медициналық ұйымда және қаланың 5 сауда кешенінде вакцинация пункттері жұмыс істеп тұр.

Жаппай вакциналау басталғаннан бері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде екпені 100 мыңға жуық азамат алды. Халықты вакциналау үшін 300-ден астам медициналық қызметкер жұмылдырған, - деді Асхат Оралов.

Бұдан басқа, екі апта бұрын қаланың теміржол вокзалдарында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында егу пункттері ұйымдастырылғаны белгілі.

Бұл шаралардың барлығы екпе алуда халықтың ыңғайлығы үшін қолға алынып жатыр. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індетті жеңіп, қалыпты өмірге оралуымыз тек вакцинация арқылы жүзеге асатынын еске салғым келеді, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, елордада эпидахуал оңалмай тұрғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы