Бас жаңалықтар
Елорда тұрғындарын түнде қауіпті химикатпен улайды деген ақпарат жалған
VIDEO
03 Тамыз 2021, 12:51 1876

Елорда тұрғындарын түнде қауіпті химикатпен улайды деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген бейнеролик таратылуда. Онда белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның қасында тұрған ер адамдар көрсетілген. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Ролик авторы цистерналарда у бар, ал болып жатқан жағдай адамдарды өлтіру үшін улы химикаттарды әдейі шашу деп паймыдайды. Бұл олай емес.



Бұл хабарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды.

Видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстарды «Столичная дезинфекция» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, елорда әкімдігінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Қазақстандықтар «у шашу» туралы роликтерді бұған дейін де таратқан. Біз әуеден у шашып, адамдарды улайтын ұшақтарды түсірген Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен ол мұның фейк екенін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұрады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...